Алимент төлеу қарыз емес, парыз

16:00, 18 мамыр 2017

Жамбыл ауданында 891 әке алимент төлеуге борышкер болса, оның 326-сы баласына берешегін төлеуден жалтарып жүр. Олардың қарызы 2 млн 156 мың  теңгеге жеткен.

Осындай жүгенсіз әкелерді жөнге салу мақсатында 2016 жылы Жамбыл аудандық прокуратурасының бастауымен  мобилдік топ құрылған болатын. Топтың құрамында аудандық жұмыспен қамту қызметкерлері, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мен сот орындаушылар бар. Кәмлетке толмаған балаларға әкесінің  берешегін өндіріп беру мақсатында аталмыш топ рейдке шықты. Онда топ мүшелері борышкерлердің үйіне барып түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Яғни,  алиментші жұмыс істейтін болса, 1 бала үшін айлық жалақысының төрттен бір бөлігін төлейді. Егер борышкер жұмыссыз болса, онда жергілікті жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасып, қарызын өтеуге тиіс.

Алмаз Асылбеков, Жамбыл ауданы прокурорының орынбасары

Қазіргі уақытта аудандық прокуратурасының қолдауымен алимент бойынша 7 борышкер жұмыспен қамту бөлімі бойынша жұмысқа  орналасты.Сонымен қатар алимент бойынша борышкерлерге ұсынылған жұмыстан бас тартса, жауапкершілік көзделген туралы сот орындаушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Орындамаса әкімшілік жауапқа тартылады.

 

Гүлзат Сейдуллақызы, Сапар Серікұлы  «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕРІНДЕ ЖАҢА МАУСЫМДЫ БАСТАМАҚ
21:01, 23 тамыз 2017
«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕ...
Толығырақ...
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
20:22, 23 тамыз 2017
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
Толығырақ...
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде
20:17, 23 тамыз 2017
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмы...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
17:13, 17 тамыз 2017
«Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
Толығырақ...