«Ардагерлері ақылман Әулиеата» кітабы жарыққа шықты

20:18, 10 тамыз 2017

Таразда «Ардагерлері ақылман Әулиеата» кітабының тұсаукесері өтті. Кітап биыл 30 жыл толған ардагерлер ұйымының мерейтойымен тұспа тұс шығарылып отыр.

«Жеңімпаздарға мың тағзым», «Міндеттері  - мінсіз қызмет»,  «Берекелі өңірдің батагөй қариялары» сынды 15 тараудан тұрады. Сондай-ақ, барлық ауданның  елге еңбегі сіңіп, саналы ғұмырын өлкенің гүлденуіне арнаған азаматтары жайлы деректер енгізілген. Кітаптың жарық көруіне облыстық әкімдік қолдау көрсеткен. Кітапта «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалында, яғни ардагерлер кеңесінде, оның аудандық, қалалық, салалық және бастауыш ұйымдарында жүзеге асырылған жұмыстар баяндалады. Сонымен бірге, өлке, өңір тарихы, өткеннің өнеге аларлық оқиғалы істері де қамтылған. Олардың тағылымдық, тәрбиелік мәні жоғары, оқырманға берері көп, дейді ардагерлер. Кітаптың редакторы Қуаныш Иембердиев. Сарқылмас парасат, таусылмас өнегеге толы кітап 500 дана болып шықты.  

Қаржаубай Бекболатов, Тараз қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы

Осы кітапта облыстағы 100  мыңнан астам ардагерлердің бәрінің аты жазылмаса да, бүгінгі күні облысымызда танымал, кешегі біздің өткен тарихымыздың танымал ағаларымыз туралы көп мәліметтер жазылды. Бізге осындай үлкен сый жасаған облыс әкімі осы кітаптың шығуына үлкен еңбек сіңірді.

Аягоз Тілеуханқызы, Нұрлыбек Құдияров, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕРІНДЕ ЖАҢА МАУСЫМДЫ БАСТАМАҚ
21:01, 23 тамыз 2017
«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕ...
Толығырақ...
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
20:22, 23 тамыз 2017
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
Толығырақ...
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде
20:17, 23 тамыз 2017
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмы...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
17:13, 17 тамыз 2017
«Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
Толығырақ...