«АРМИ-2017» халықаралық ойындары аяқталды

20:20, 10 тамыз 2017

«Отар» әскери базасында  2 –ші рет өткізіліп жатқан Халықаралық АрМИ-2017 ойындары өз мәресіне жетті. Әлемнің 18 елінен келген 400-ге жуық сарбаз қатысқан жарыста, Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгерлері топ жарып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.

АрМИ халықаралық ойындары –  бұл  қарулы күштердің  қуаты  сынға түскен ауқымды дода . Жыл өткен сайын бұл ойын жетіліп, оған қатысушылардың қатары да көбейіп келеді. Нысанды көздеу сайысының қорытындысы бойынша  бірінші орынды Қазақстан қарулы күштері жеңіп алды. Ойынның   ең үздік мергені ретінде  кіші сержант Бақтораз Нұрсұлтан  танылды. Ал ең үздік  жұптық мергендер шебері деп, кіші сержант  Мақсат Шінәлиев пен Ерғанат Құдабековтер ерекше аталды.  Сондай –ақ, артиллериялық тегеурінді таныту мен  минометпен нысананы көздеу бойынша да Қазақстан республикасы жеңіс тұғырынан көрінді.  Мейірхан Әбілдаев бастаған топ ең үздік минометпен нысананы көздеушілер атағына ие болды. Сонымен қатар,  « ұшқышсыз  ұшу аппараттарын пайдалануда »   еліміз тағы да жеңімпаз атанды.  Халықаралық «АрМИ-2017» осылайша өз мәресіне жетті.  Жеңімпаз командалар марапатталып, соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Әйгерім Бәшімова, Өміртай Ыбыраев, «Жаңалықтар қызметі» 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕРІНДЕ ЖАҢА МАУСЫМДЫ БАСТАМАҚ
21:01, 23 тамыз 2017
«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕ...
Толығырақ...
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
20:22, 23 тамыз 2017
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
Толығырақ...
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде
20:17, 23 тамыз 2017
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмы...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
17:13, 17 тамыз 2017
«Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
Толығырақ...