Астық жинау науқаны аяқталуға жақын

20:13, 10 тамыз 2017

Шу ауданында егін орағы  аяқталуға жақын. Бүгінге дейін аудан диқандары астықтың 96 пайызын қамбаға құйып үлгерді. Көктемдегі жауын-шашынның мол түсуінен биыл шыққан егін де бітік. Болжам бойынша жоспар толығымен орындалады деп күтілуде.

Шулық диқандар  қазір егістік алқабында  аптап ыстыққа қарамастан, күн-түн демей дамылсыз еңбек етуде. Оған себеп те жоқ емес. Ауа-райы ашық, жауын-шашын болмай тұрғанда ақ егінді шашау шығармай жинап алуға әрекет жасап жатыр. Биыл аудан диқандары бидай мен арпаны қосқанда 29205 гектар жерге дән сепкен. Нақтылы кезеңде сары алтынның 96 пайызға жуығы жиналып үлгерді.

Қайрат Досаев, Шу ауданының әкімі

Егістіктен жиналған өнімді сақтауға арналған 21 қырманның барлығы да толығымен  астық қабылдап жатыр.  Күздік бидай мен жаздық арпаның бүгінгі күнгі орташа өнімділігі әр гектарына 20,5 центнерден болып отыр. Бұл жақсы көрсеткіш-дейді мамандар.

Самат Алдашбеков, бригадир

Қырдағы қызу тіршілікті, диқандардың ала жаздайғы еңбегін көзімен көріп қайту үшін аудан әкімі  егістік басына арнайы келді. Жалпы, аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының күздік бидай егіс алқабы 13 781 гектарды құрап, оның 13 160 гектардан түскен өнім қамбаға құйылды. Ал жаздық арпаға келсек, 15 424 гектар жаздық арпаның 14 750 гектары орылды. Бұйырса, сары алтынды толығымен жинайтын күн де алыс емес.

Аягөз Тілеуханқызы, Жұмахан Төлеуұлы, «Жаңалықтар қызметі» Шу ауданынан

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕРІНДЕ ЖАҢА МАУСЫМДЫ БАСТАМАҚ
21:01, 23 тамыз 2017
«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕ...
Толығырақ...
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
20:22, 23 тамыз 2017
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
Толығырақ...
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде
20:17, 23 тамыз 2017
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмы...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
17:13, 17 тамыз 2017
«Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
Толығырақ...