Ата заңға енгізілген өзгерістер

22:30, 13 наурыз 2017

Еліміздің бас құжатына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мақұлданды. Конституциялық реформалар бұқара арасында да зор қолдауға ие болуда.

Тараз қаласындағы №4 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 96 бала тәрбиеленсе, оларды бағып-баптайтын 160-тан астам маман жұмыс істейді. Бүгін жиын өткізіліп, әлеуметтік сала қызметкерлеріне саяси маңызы зор құжатқа енген толықтырулар таныстырылды. Еліміз жаңғырудың үшінші кезеңіне қадам басты.Осы орайда, ауқымды реформалардың қабылдануы орынды-ақ. Ата заңға 26 өзгеріс енгізіліп, президент 35 түрлі билігін Үкімет пен Парламентке теңдей бөліп берсе, сол өзгерістер жиында жан-жақты түсіндірілді. Салаға жүктелетін міндеттемелер сараланып, әлеуметтік мамандар бірауыздан бастаманы қолдайтындықтарын жеткізді. Осы мазмұндас жиындар бүгінге дейін Тараз шаһарындағы қызмет көрсету мекемелерінде өтсе, алдағы уақытта аудандардағы бейімдеу және оңалту орталықтарында өткізілмек.

Ермек Бықыбаев, Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары

Республика, облыс, аудан дейгейінде кең көлемде талқыланды. Бізде де әлеуметтік сала мамандары өз үлесімізді қосып, ұсыныс-пікірлерімізді жолдаған болатынбыз. Міне 10 наурыздан бастап жаңа конституциямен жаңа қадам басып отырмыз/

 

Гаухар Рысбай, Ерболат Дәулетәлі  «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕРІНДЕ ЖАҢА МАУСЫМДЫ БАСТАМАҚ
21:01, 23 тамыз 2017
«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕ...
Толығырақ...
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
20:22, 23 тамыз 2017
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
Толығырақ...
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде
20:17, 23 тамыз 2017
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмы...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
17:13, 17 тамыз 2017
«Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
Толығырақ...