Балаларға – қауіпсіз жол!

19:00, 17 мамыр 2017

Тараз қаласындағы орталық алаңда кең көлемді акция өткізілді. Балалардың жолдағы қауіпсіздігін сақтауға бағытталып, Ішкі істер органдары, денсаулық және білім беру саласының мамандары мен оқушылар қатысты.

Балалардың жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақаттануының алдын алу, қауіпсіз жол жүру дағдыларын нығайтуға міндеттелген профилактикалық іс-шара «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» деп аталып, 200-ден астам адам жұмылдырылды. Олардың дені жергілікті полиция қызметі, жол полиция қызметкерлері мен  мектеп оқушылары.  Қатысушылар  жолда жүру ережесімен танысып, мамандар тарапынан еске сақтауға үйрету, көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болу керектігі айтылды. Тек биылғы жылдың 4 айында балалардың қатысуымен 42 жол-көлік оқиғасы орын алған. 47 бала зардап шегіп, өкінішке орай бір бала мерт болған. Кінәлілер қос тараптан да кездесіп жатады. Сондай-ақ, акция барысында балалардың көзқарасын біліп, қызығушылығын арттыру үшін «Кедергісіз жол» атауымен жерге сурет  салды. Абайсыздық пен асығыстық оқыс оқиғаға әкеліп соқтыратындығын мәңгі жадында сақтап жүру үшін жол апатынан зақымданған көліктер арнайы әкелініп, көрсетілді. Акция соңында барлық оқушылар патрульдік көліктерге отырғызылып, көлік инспекторларының жұмысымен танысуға аттанды.

Аяжан Серікова, оқушы

/Біз №32 орта мектебінің жас инспкторларымыз. Осындай акцияларға жыл сайын келіп тұрамыз. Мектебімізде де осыған байланысты түрлң іс-шаралар өтеді.

Гүлназ Жаңабекова, оқушы

/Бүгінгі іс-шарада жол ережесін қалай сақтау керектігін, көптеген авариялар балалардың қатысуымен болатындығын білдік. Егерде ережелерді сақтап жүрсек, барлығы жақсы болатындығын сенімдіміз

 

Гауһар Рысбай, Тоқтар Терлікбай «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕРІНДЕ ЖАҢА МАУСЫМДЫ БАСТАМАҚ
21:01, 23 тамыз 2017
«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕ...
Толығырақ...
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
20:22, 23 тамыз 2017
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
Толығырақ...
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде
20:17, 23 тамыз 2017
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмы...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
17:13, 17 тамыз 2017
«Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
Толығырақ...