Бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарымен күрес күшейтілді

16:00, 18 мамыр 2017

Жамбыл облыстық прокуратурасының ұйымдастыруымен «Ұрлыққа жол жоқ» жобасының орындалу барысы жөнінде ведомствааралық жиын өтті. Онда мал ұрлығы мен пәтер тонау әрекеттеріне байланысты орын алған қылмыстар жөнінде айтылды.

Облыстық прокуратура жиынына облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, прокуратура мен қылмыстық ізге түсу органдарының басшылары қатысты. Онда бүгінгі күнде өзекті болып отырған мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу мәселесі қаралды. Қадағалаушы орган өкілдері мал ұрлығының көбісі оның иелерінің салғырттығынан болады дегенді айтады. Себебі, көп жағдайда мал жайылымда жүрген жерінен жоғалады.

Дәулет Тілеубай, ҚР Бас прокуратурасы департаментінің аға прокуроры

(Мал ұрлығына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресу үшін жасалған іс- шаралар нәтижесінде 30 актокөлік иесі мен 250 жоғалған мал табылды. Олардың көбісінде арнайы чиптар мен ветеринарлық құжаттар болмаған. Бұл мал иелерінің салғырттығын көрсетеді.)

Жиында пәтер тонау мен бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарына профилактикалық жұмыстарды жиі жүргізу керектігі де айтылды. Өйткені, қоғамдық көлікте прокуратура жүргізген осындай жұмыстардың арқасында соңғы үш айда қылмыс саны айтарлықтай азайған. Мәселен: наурыз айында осындай 132 қылмыс тіркелсе, сәуерде ол 93 болған.

Әбдіқадыр Назаров, облыстық ІІД криминалдық полиция басқармасының бөлім басшысы

 (Қылмысқа жасаған сараптау кезінде біз профилактикалық жұмыстардың аздығын байқаймыз. Сондықтан да осындай жұмыстар қолға алынуы керек. Биылғы жылдың алғашқы үш айында қару- жарақ ұрлау деректері де анықталды)

Жиын соңында прокуратура қызметкерлері қылмыстың дер кезінде ашылуына барлық азаматтар бір кісідей ат салысып, өз мүлкін тиянақты қарауға шақырды. 

 

Айбол Қарашев «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕРІНДЕ ЖАҢА МАУСЫМДЫ БАСТАМАҚ
21:01, 23 тамыз 2017
«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕ...
Толығырақ...
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
20:22, 23 тамыз 2017
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
Толығырақ...
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде
20:17, 23 тамыз 2017
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмы...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
17:13, 17 тамыз 2017
«Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
Толығырақ...