ЭКСПО-2017: Швецария павильоны

20:06, 10 тамыз 2017

Швейцария – Еуропаның орталық бөлігінде орналасқан, туризмі дамыған мемлекеттердің бірі. Ол әлем бойынша инновациялармен бәсекелестік тізімінде көш бастап тұрған ел. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысып жатқан швейцариялықтардың павильонынан энергия көзін өндіру тәсілдері мен олардың тіл үйіретін тағамға толы асханаларының жұмысымен де танысуға болады.

Швейцария тауларында айналасында ағаш үстелдер мен пікірлер қайнаған ағаш үйлерді жиі кездестіруге болады. Туристер терезеге көз салған бетте осы таулардың керемет көріністері мен арайлап атқан таңды тамашалай алады. Мұнда келушілер павильонның ландшафт аумағында орналасқан үйдің бірінде климат өзгеруінің ықпалын және тұрақты энергия көздерін басқарудағы жаһандық ынтымақтастықты орнату қажеттілігін бағалауға мүмкіндік алады.

Шамамен 100 жыл бұрын мұздақ мына жерде болған. Қазір ол мына жерде. Жыл өткен сайын оның деңгейі қырық метрге қысқарып келеді. Жаһандық жылыну қатерінің мөлшерін азайту үшін швейцариялықтар мынандай үйшікті пайдаланады. Оның іші таза ағаштан жасалған. Ал, сыртына күннен энергия өндіретін панельдер қойылған. Ол арқылы үй өздігінен жылытылады. Сол себепті электр энергиясымен жылытуда өзге ресурстарды пайдаланудың қажеті жоқ.  Нәтижесінде таза энергия өндіріліп, жаһандық жылыну қатерімен күресуге болады.

Ал мына үйде аспаздық шоу ұйымдастырылады. Ұлттық киім киген аспаз Швейцарияның ұлттық тағамы роштиді дайындайды.

Швейцарияда тағам қалдықтарын мынандай биобокс деп аталатын ыдысқа жинайды. Арнайы мамандар апатасына бір немесе екі рет бұл ыдыстарды зауытқа алып кетіп, одан биогаз өндіреді. Бүгінгі күні швецарияның әрбір бесінші автобусы осындай биогазбен жүреді

Осылайша аспаздық шоу барысында аспаз мұнда тамақ пісіріп қана қоймай, келушілермен күнделікті өмірде электр қуатын қалай үнемдеуге болатындығы туралы да ой бөліседі. Шоу соңында барлығы роштиден дәм татады.

Людмила Донад, саяхатшы (Германия)

Таңданысым ерекше. Мен Қазақстанда 13 жыл өмір сүрдім. Германияға көшіп кеткеннен бері Астанаға бірінші рет келіп тұрмын. Мен Қазақстанда тұрғанымды мақтан етемін

Швейцария павильонындағы әдемі пейзаж адамды еліктіріп әкетеді. Көрмедегі елдің ұраны гүлдер қуаты деп аталады. Ондағы айтар ой табиғи ресурстардан алынған энергияның әулеті зор деген мағынаны білдіреді.

Алпамыс Шәменұлы, Руслан Сандыбай,  «Жаңалықтар қызметі» Астанадан

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕРІНДЕ ЖАҢА МАУСЫМДЫ БАСТАМАҚ
21:01, 23 тамыз 2017
«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕ...
Толығырақ...
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
20:22, 23 тамыз 2017
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
Толығырақ...
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде
20:17, 23 тамыз 2017
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмы...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
17:13, 17 тамыз 2017
«Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
Толығырақ...