Елордалық оқушылар Тараз тауына шықты

20:09, 9 тамыз 2017

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалада «Туған жер» бағдарламасын қолға алу ұсынылды.Ұлт көшбасшысы отансүйгіштік сезімнің кіндік қамы тамған жер, өскен ауыл, қала мен өңір, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын қадап айтты. Игі бастама қалың бұқара арасында зор қолдауға ие болуда. Соның аясында Тараз жеріне  Астанадан бір топ оқушылар келді.

Елордалықтардың келуі республикалық «Туған жер» бағдарламасының «Бала – балаларға. Астана - Тараз» атты тарихи-өлкетану жобасы арқылы жүзеге асырылды. Меймандарды жергілікті оқушылар мен ата-аналар қарсы алды. 20 мүшеден тұратын экскурсиялық топ жасақталса, оның 15-і бас қаланың кішкентай тұрғындары болды. Оларға жедел-құтқару отрядының қызметкерлері кіші Қарасай шатқалында биікке өрмелеуден шеберлік-сыныбын ұйымдастырды.

Сымбат Сахариева - Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару отрядының жетекшісі

Біз осы сынды іс-шаралар жыл сайын дайындық жұмыстарын жүргізіп тұрамыз. Себебі балалар жоғарыда ешбір қателікке ұрынбауы ықтимал. Қажетті құралдарды емін-еркін киіп, қайта дұрыс шеше білу керек

Мұндай қызыққа толы саяхаттар балалардың есінде жарақат алып қалмай,  тек жақсы сәттерімен қалуы тиіс. Жоғарыға шығу бағытының ең күрделі түрі таңдалынып алынғандығын ескерсек, жауапты мекеме қызметкерлерінің алдында бірінші кезекте қауіпсіздік мәселесі тұрды. 10 метрлік шың шығуға ыңғайлы, ойыстары мен жарлары бар, соның арқасында өрмелеу қиынға соқпады. Төменнен және жоғарыдан құтқарушылар жіті бақылап тұрды.

Дәулетжан Алтынханов - оқушы

Бізге тауға шығудың амал-тәсілдерін үйретті. Арнайы жабдықтардың көмегімен биікке жылдам әрі қиындықсыз өрмелеуге болатындығына көз жеткіздік. Кереметтей әсер алдық.

Осылайша, жастар қойнауы тарихқа толы Жамбыл өлкесінің сұлу табиғатын тамашалап, көзбен көрді. Олардың айтуынша, биылғы жаз мәңгі жадында сақталмақ.

Гаухар Рысбай, Руслан Сандыбай «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕРІНДЕ ЖАҢА МАУСЫМДЫ БАСТАМАҚ
21:01, 23 тамыз 2017
«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕ...
Толығырақ...
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
20:22, 23 тамыз 2017
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
Толығырақ...
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде
20:17, 23 тамыз 2017
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмы...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
17:13, 17 тамыз 2017
«Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
Толығырақ...