Халықаралық шарттардың нормаларын қолдану мәселелері

18:30, 19 мамыр 2017

Біз  "Қылмыстық және азаматтық сот ісін" жүргізуде "Халықаралық шарттардың" нормаларын қолдана алып жүрміз бе?  Бүгін Тараз қаласы "Достық" үйінде өткен дөңгелек үстелде осы мәселе кеңінен талқыланды. Жиынға Еуразиялық экономикалық одақтың Соты төрағасының орынбасары Жолымбет Баишев қатысты.

2015 жылы Қазақстан, Ресей, Беларусия елдерінің арасында Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім шарт күшіне енген болатын. Осыған орай, дөңгелек үстел басына жергілікті соттың судьялары, Жоғарғы оқу орындарындағы заң факультетінің оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ, Жамбыл облыстық ІІД мен прокуротура қызметкерлері жиылды. Іс-шара барысында Беларусиядан арнайы келген Жолымбет Баишев қатысушыларға Еуразиялық экономикалық одақ Халықаралық сотының жұмыстарымен таныстырды. Жергілікті соттың судьялары да баяндамалар жасады.

Жомарт Рүстембеков, Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы

/Енді, өздеріңіз білесіздер, соттар ең бірінші Еуразиялық экономикалық соттарының келісімшарттарын бастама қылады. Бүгін осы мәселе кеңінен талқылануда/

Әлемдік стандартқа сай мемлекеттің дамуы үшін  Ел Президенті қойған тапсырмаларды орындауда судьялардың алатын орны ерекше. Халықаралық байланысты нығайтудағы жетістіктер сол жұмыстардың нәтижесі болып табылады. Жиында судьялар аудандық сот өндірісінде азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істерді қарау барысында Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану аясын кеңейту, аталған нормаларды дұрыс және біркелкі қолдануды қамтамасыз ету мәселелерін де талқылады.

Гүлнар Асылбек, Жамбыл облыстық сотының судьясы

/ҚР қай жағынан алып қарасақ та әлемдік стандартқа сай, бәсекеге қабілетті болғандықтан, бұл бүгінгі таңда басты тақырып. Соған сәйкес, әрине, еліміздің сот жүйесі де әлемдік стандартқа сай болуы керек /

Айта кету керек, Бүкіләлемдік экономикалық форумның 2016 жылғы қорытындысы бойынша біздің еліміздің «Соттардың тәуелсіздігі» көрсеткішіндегі орны әлдеқайда жоғарылаған. Бұл бағытта Қазақстан -Италия, Бразилия, Словения, Венгрия, Ресей және Польша сияқты елдерден көш ілгері. Дегенмен, дамуды тежемеу керек. Ал, ішкі жүйенің күшті болуына, сала мамандарының бір-бірімен тәжірибе алмасуына мұндай кездесулердің маңызы зор.

 

Бекжан Сабыржан, Рамина Мирзалимова, Тоқтар Терлікбаев «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕРІНДЕ ЖАҢА МАУСЫМДЫ БАСТАМАҚ
21:01, 23 тамыз 2017
«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕ...
Толығырақ...
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
20:22, 23 тамыз 2017
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
Толығырақ...
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде
20:17, 23 тамыз 2017
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмы...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
17:13, 17 тамыз 2017
«Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
Толығырақ...