Қоғамдық қабылдау

16:00, 18 мамыр 2017

Бүгін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратында қала тұрғындарының түрлі мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау күні өткізілді. Онда облыстық маслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің  бюро мүшесі Арман Еділбаев бірқатар азаматтардың арыз-шағымын тыңдады.

Қоғамдық қабылдауға өз мәселелері бойынша  Тараз қаласы «Арай» алқабының тұрғындары келді. Олардың айтуы бойынша ол аймақта не жол не үйлерге жарық тартылмаған. Бұл мәселені  үш жылдан бері көтеріп келе жатқан тұрғындардың бұға дейінде бармаған жері, баспаған тауы қалмады. Көпшіліктің қуанышына орай, биылғы жылы онда жол проблемасы өз шешімін табады. Яғни, құрылыс жұмыстары  алдағы уақытта басталады. Ал, электр желісін тарту мәселесі бойынша халық қалаулысы жобалық құжат әзірленгенше, уақытша амалдай тұруға қолдау көрсететінін жеткізді.

Арман Еділбаев, облыстық мәслихаттың депутаты

/ Баршамыз бірігіп, уақытша сонда құрылғы орнатайық. Құжатты тиісті орындарға мен жазып жіберемін. Бұға дейін жол мәселесін білгенмін, электр желісі туралы енді естіп отырмын.Құжаттарды дайындайық. Биыл үлгерсек жақсы болады./

Ал, Облыстық жасөспірімдер үйінің әлеуметтік маманы  Гүлнар Жұматаеваның  өтініші  мынадай.

Гүлнар Жұматаева, Жамбыл облыстық жасөспірімдер үйінің әлеуметтік маманы

/Менің оқушым Айгерім Ысқақ. Ол бізде тұрады. Тұл жетім. Біз бұл қыздың оқу ақысын төлей алмай отырмыз. Грантқа түсе алмай қалды. Оқуын тастауға өте өкінішті. Қаржылай көмектесіп, жіберсеңіздер. /

Арман Еділбаев, облыстық мәслихаттың депутаты

/Жеке шотын беріңіз, көмектесейік. Бірақ, біздің өңірде мұндай мәселесі бар жастар өте көп. Сондықтан жетім балалардың тегін оқуға түсуге мүмкіндігін молайту жағын қарастырғанымыз әлде қайда тиімдірек. /

Сондай-ақ қала тұрғыны Венера Алтаева Арай екі аумағынан алған көппәтерлі үйдің  бір жыл өтпей-ақ сапасы сын көтермей тұрғандығын ашына жеткізді.  Айтылған жәйт бойынша әліде тиесілі құрылыс компаниясына  жазбаша арыз түспегендіктен, бұл мәселе  алдағы уақытта  облыстық мәслихат депутатының назарында болмақ.

 

Мархабат Көпбосынова, Сапар Серікұлы, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕРІНДЕ ЖАҢА МАУСЫМДЫ БАСТАМАҚ
21:01, 23 тамыз 2017
«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕ...
Толығырақ...
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
20:22, 23 тамыз 2017
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
Толығырақ...
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде
20:17, 23 тамыз 2017
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмы...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
17:13, 17 тамыз 2017
«Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
Толығырақ...