Көгілдір отыннан болатын қауіптің алдын алу

20:08, 10 тамыз 2017

Соңғы 5 жыл ішінде Жамбыл облысы аумағында газ баллондарын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан 34 өрт оқиғасы тіркеліп, 2 адам қаза тапқан. Ал, келтірілген шығын көлемі 7 млн. 305 мың теңгені құрайды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде өткен жиында айтылды.

Облыс аумағында газ тәрізді отынмен жылытылатын пешті, газ плитаны және мұржаны қолдану кезінде табиғи көгілдір отыннан 105 адам уланып, оның 11-і қаза болған. Сондай-ақ, биылғы жылы қаладағы мейрамханалардың бірінде 1 газ жарылу оқиғасы тіркелген. Аталған жағдайлардың көбісі қауіпсіздік талаптарын бұзып, газ баллондарын дұрыс орнатпаудың салдарынан туындаған.

Бағдат Данилов, Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы

ҚР ІІМ-нің Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметіне сәйкес 2016 жылы ел аумағында 101 қызметіне газдың жарылуы бойынша 40 хабарлама түскен. Аталған төтенше жағдайлар салдарынан 58 адам жарақат алып, өкінішке орай олардың 3-еуі қаза болды. Төтенше жағдай себеп болған газ балонынан немесе сапасыз газ салдары үшін нақты кінәлі азаматты жауапкершілікке тарту елімізде мүмкін емес. Сондай-ақ, сұйытылған газды ішкі саудаға жеткізуге жауап беретін бірыңғай оператор жоқ.

Департамент тарапынан жүргізілген тексеру барысында, сауда, қоғамдық тамақтану және халыққа қызмет көрсету орындарының 90 пайыздан астамы қойылғанталаптарға сай жұмыс атқаруда.Ал, барлық 4000-нан астам кәсіпкерлік нысанның 11 пайызында төтенше жағдайларды болдырмаудың талаптары сақталмаған. Бүгінгі таңдағы ең күрделі мәселе – халық көп шоғырланған жерлерде қауіпсіздікті қатаң бақылауда ұстау болып отыр.

Бекболат Орынбеков, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары

Біріншіден, жылыту маусымына дайындық жұмыстары кезінде, 2-ші ыстық судың тоқтауына байланысты, үшіншіден азаматтар тексеру жұмыстарын жүргізу керек. Содан кейін 1 қыркүйек, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Енді өзіміздің асырап отырған ұл-қыздарымыз, көпқабатты үйлерде тұратын азаматтар, әр нысанның жанында балалар тұрады. Біреуі мектепке барады, келеді. мен ойлаймын, жергілікті атқарушы органдар осының барлығын талдап, тиісті шаруалар қабылдау қажет.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары жауапты мамандарға алдағы  міндеттерді қатаң бақылауға алу керектігін ескертті. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті де орын алған барлық мәселелерді шешіп, газ жүйелері мен қондырғыларынан туындайтын өрттер мен жарылыстарға үнемі талдау жасамақ.

Ақерке Бектас, Ғалымжан Есенбаев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕРІНДЕ ЖАҢА МАУСЫМДЫ БАСТАМАҚ
21:01, 23 тамыз 2017
«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕ...
Толығырақ...
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
20:22, 23 тамыз 2017
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
Толығырақ...
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде
20:17, 23 тамыз 2017
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмы...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
17:13, 17 тамыз 2017
«Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
Толығырақ...