Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігі сыналуда

22:30, 14 наурыз 2017

Жамбыл облысында мемлекеттік қызметкерлерді «Б» корпусына аттестациялау жүруде. Қазіргі уақыта мемлекеттік қызметкерлердің неше пайызы біліктілігін дәлелдеді. Ал, қаншасы тестілеуден сүрінді. Бұл туралы алдағы бейнематериалда.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент  мамандарының айтуынша аттестациялауға үш жарым мыңнан астам мемлекеттік қызметкер қатысуда.  Қазір олардың  70 пайызы аттестацияның екінші кезеңі бойынша  біліктілігін сынап үлгерген.

Нұрлан Еркебаев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Қазіргі уақытта мемлекеттік тестілеудің нәтижесінде 70 пайызға жуық қызметкерлер оң нәтижеге қол жеткізіп отыр. Ал, тиісті деңгейде тестулеуден өте алмаған мамандардың саны өте аз. Алдағы уақытта да тестілеу жалғасатындықтан, бәрін уақыт көрсетеді.

3 кезеңнен тұратын аттестаттаудың 2 кезеңі сәтті өтуде. Бұл сынақтан өтпес бұрын мемлекеттік қызметкер соңғы 1 жылдағы еңбек нәтижиесі мен қызметтік мінездесі бар бағалау парағын әзірлейді. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілер Елбасының жүргізіп отырған сарабдал саясатын жүзеге асыратын бірегей азаматтар екендігін ескерсек, барлық реформалардың сәтті іске асырылуы олардың сапалы әрі тиімді жұмысына тікелей байланысты.

Жанар Соппекова, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы

Тестілеу бүгінгі таңда арнайы кесте бойынша өтуде. Күніне 30 адамнан 4 топ тест тапсыруда. Яғни бір күнде 120 қызметкер қамтылып оытр. Әзірге ешқандай талаптар бұзылған жоқ. 220 сұраққа 2 сағат уақыт беріледі.

Мұндағы кездесетін сұрақтардың барлығы әрбір мемлекеттік қызметкерлердің білуі тиіс маңызды мәліметтерден  құралған. Сондықтан, аттестаттау аясында жүктелген міндеттерді тиімді атқара алатын қызметкерлерді айқындап, мемлекетке қызмет ететін нағыз мамандар анықталмақ.

 

Данияр Асқарұлы, Асқар Әділ «Жаңалықтар қызметі»

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕРІНДЕ ЖАҢА МАУСЫМДЫ БАСТАМАҚ
21:01, 23 тамыз 2017
«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕ...
Толығырақ...
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
20:22, 23 тамыз 2017
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
Толығырақ...
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде
20:17, 23 тамыз 2017
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмы...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
17:13, 17 тамыз 2017
«Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
Толығырақ...