Мерекелік эстафета Таразға келді

20:49, 11 тамыз 2017

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған эстафета Жуалы ауданынан Тараз қаласына келіп жетті. Оны қала тұрғындары кіреберіс қақпадан зор құрметпен қарсы алды. Сондай-ақ, мерекелік символдың шаһарға келуі аясында түрлі салтанатты жиындар өткізілді.

3 айға жуық уақытта 15 мың шақырымды артқа тастап, ұлан-байтақ еліміздің шекаралық аумақтарын кезіп өткен тұғырлы белгінің ең соңғы нүктесі ретінде тарихтың темір қазығы Жамбыл жерінің таңдап алынуы тегін емес. 4 ауданда көршілес айыр қалпақты ағайындар елімен шектессе, бүгінде сол маңызды стратегиялық аумақтарды күзетуде жергілікті шекарашылар өз борыштарын абыроймен атқарып келеді. Республика бойынша соңғы жылдары Тараз шекара отряды үздіктер қатарында көш бастап тұр. Бұл әрине темірдей тәртіппен отанға деген сүйіспеншіліктің нәтижелі жемісі. Шекара қызметінің ширек ғасырлық мерейтойына арналған  нышанды әуелі қала көшелерімен алып жүріп, автошеру өткізілді. Кейін «Мәңгілік алау» мемориалды ескерткіші алдында гүл қою рәсімі өтті. Оған «Нұр Отан» партиясы мен Тараз қаласы әкімдігі, мекеме-ұйымдар ат салысты. Мұнан соң, эстафета Меркі ауданындағы 2093 әскери бөліміне жөнелтілді. 16-шы тамызға дейін Меркі және Қордай аудандарындағы шекара шебін толықтай аралап,  дәл төл мереке күні Астана қаласына жеткізілмек.

Дүкенбай Ермеков, Тараз қалалық ауған соғысының ардагерлері ұйымының  төрағасы

1992 жылы 18 тамызда құрылып, бүгінге дейін Отанға адал қызмет етіп келе жатқан шекарашылар еңбегі елеулі. Сондықтан біз барлығымыз 25 жылдықпен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріне саулық отбасыларына амандық тілейміз. Әрдайым ел тыныштығын берік сақтасын

Гаухар Рысбай, Ғалымжан Есенбаев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕРІНДЕ ЖАҢА МАУСЫМДЫ БАСТАМАҚ
21:01, 23 тамыз 2017
«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕ...
Толығырақ...
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
20:22, 23 тамыз 2017
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
Толығырақ...
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде
20:17, 23 тамыз 2017
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмы...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
17:13, 17 тамыз 2017
«Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
Толығырақ...