Мүгедек жандарға қолайлы мүмкіндік жасалған ба?

20:39, 11 тамыз 2017

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамдық өмірде қолайлы жағдай туғызу мақсатында «Нұр Отан» партиясынының «Кедергісіз келешек» жобасы өз жалғасын табуда. Бұл жолы партиялық бағдарлама аясында «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының өкілдері мен бірқатар мекеме басшылары бірігіп, шаһардағы қоғамдық орындардағы  қызмет көрсету сапасын тексерді.

Азаматтардың ең көп келетін орындарының бірі дәмхана мен дүкен. Сондықтан арнайы жасақталған тексеру  тобы «Дәмдес» сауда орталығына келді. Көпшілік бірден мұндағы баспалдақтың жанынан салынған  пандусқа  көз тікті.  Өйткені, дүкенге кіре беріс тұстағы арбаға таңылған азаматтар үшін жасалған пандустың қолайсыздығы осы уақытқа дейінде бірнеше мәрте айтылып, ескерту жасалған. Соған қарамастан  ескертуді елемеген дүкен әкімшісі бұл жолы соңғы мүмкіндік беруді сұрады.

Арнайы рейд мұнан соң қаладағы бірқатар екінші деңгейлі банктерде жалғасты. Тіптен шектен шықпаса да мұнда да олқылықтар орын алған. Мәселен, «Форте банкте» көзі нашар көретін жандар үшін тактилді жолақ орнатылмаған. Ал «Банк центр кердит» мекемесіндегі  мынау пандустан мүгедек жан емес сау адамның өзі де өтуі қауіпті. Аталған кемшіліктер бойынша мекеме басшыларына талап бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  

Гаухар Олжабаева, Тараз қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Ескерту берілді. Сын ескертпелер қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен «Нұр Отан» партиясы тарапынан бақылауда болады.  Аталған кемшіліктер бойынша 10 күн уақыт беріледі. Орындамаған жағдайда мекемеге әкімшілік айыппұл салынады.

Жауаптылар айтылған  олқылықтарды  жоямыз деп уәде етті. Алайда,  мұндай кемшіліктер бұл ғана емес. Мамандардың айтуынша, Тараз қаласында  мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді болуы тиіс 206 мекеменің тізімі бекітілсе, бүгінде оның 50 пайызында ғана мүгедек жандардың жүріп тұруына  толық бейімделген.

Мархаббат Көпбосынова, Нұрлыбек Құдияров, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕРІНДЕ ЖАҢА МАУСЫМДЫ БАСТАМАҚ
21:01, 23 тамыз 2017
«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕ...
Толығырақ...
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
20:22, 23 тамыз 2017
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
Толығырақ...
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде
20:17, 23 тамыз 2017
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмы...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
17:13, 17 тамыз 2017
«Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
Толығырақ...