«Рухани жаңғыру» автокеруені аудандарды аралауда

19:00, 17 мамыр 2017

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» автокеруені Жуалы ауданына келді. Аудан орталығында жиналған тұрғындарға түрлі сала аясындағы мәселелер бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Автокеруеннің құрамында түрлі сала мамандары бар. Олар  шалғай ауылдардан келген тұрғындармен кездесіп, халықтың көкейінде жүрген  сұрақтарға жауап берді. Оның ішінде құқықтық мәдениетті арттыру, жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау тетіктері, оқу орындарына түсу мүмкіндіктері, тегін медициналық скринингтік тексерулерден өткізу, міндетті медициналық сақтандыру талаптары және тағы басқа салаларды қамтыған мәселелер бойынша қабылдаулар өткізілді. Автокеруенге келушілердің басым көпшілігі жастар.Оларды жұмыссыздық мәселесі толғандырса, кейбірі өз кәсібін бастау үшін мемлекет тарапынан қандай бағдарламаларға жүгінуі керек екендігін сұрады. Тұрғындардың сауалдарына сала мамандары тиісті жауаптарын беріп, іс-шара соңында  ақпараттық-әдістемелік  парақшалар таратты. 

 

Шырайлым Болатбекқызы "Жаңалықтар қызметі"

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕРІНДЕ ЖАҢА МАУСЫМДЫ БАСТАМАҚ
21:01, 23 тамыз 2017
«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕ...
Толығырақ...
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
20:22, 23 тамыз 2017
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
Толығырақ...
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде
20:17, 23 тамыз 2017
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмы...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
17:13, 17 тамыз 2017
«Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
Толығырақ...