Рухани жаңғыру: ұлттық құндылықтарымызды насихаттаудан басталады

20:46, 11 тамыз 2017

Қазақстан- тарихқа бай мемлекеттердің бірі.  Әр аймақтың  әрбір тасы мен, тауы, өзені мен көлі  мыңдаған гасырлық тарихтан сыр шертеді. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасы ұсынылған. Осыған орай, екі мың жылдық тарихы бар Тараз жеріне Елордадан оқушылар келіп тарихи мәдени кешендерді аралады.

 «Балалардан балаларға» деп аталатын экскурсиялық топтың құрамында 20 адам бар.  Оқушылармен бірге ата-аналары да келген. Олар XIV ғасырдан сыр шертетін «Тектұрмас» кесенесінде болды.Тектұрмас кесенесінің  атауы «тау жай тұрмайды» деген мағынаны береді екен. Кесене Талас өзенінің жағасында, қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан  қасиетті орын. Тараз қаласының белсенді оқушылары қонақтарға киелі жердің тарихы туралы мағлұматтарды айтып берді. Бұл жерде Х-ХІІІ ғасырларда керуеннің өтуін жүзеге асыратын тас көпір болған. Тарихтан таңба болып қалған осынау киелі жерлер бүгінгі ұрпақтың таным-түсінігін кеңейтіп, олардың ұлттықрухын көтереді дейді ұйымдастырушылар. Өз кезегінде Елордалық оқушылар да таңданыстарын жасырмады.

Полина Хван, оқушы  

Маған кесененің көрінісі ерекше ұнады. Талай жылдан бері тұрғанымен өте әдемі көрінеді. Тарихы да терең. Оқушылар бізге  бұрын мұнда үлкен қала болғандығын, жер асты жолдары сондай-ақ тас көпірдің болғындығын айтып берді.

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕРІНДЕ ЖАҢА МАУСЫМДЫ БАСТАМАҚ
21:01, 23 тамыз 2017
«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕ...
Толығырақ...
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
20:22, 23 тамыз 2017
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
Толығырақ...
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде
20:17, 23 тамыз 2017
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмы...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
17:13, 17 тамыз 2017
«Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
Толығырақ...