Тараздағы мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы қандай?

20:09, 10 тамыз 2017

2017-2018 оқу жылына арналған қала мектептерінің дайындығы қандай? «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда? Сондай-ақ Тараз қалалық ауылшаруашылық бөлімдері қандай жұмыстар атқарып жатыр? Осы мәселелер «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филилалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің бірлескен отырысында айтылды.

Жалпы алғанда, қалада 108 білім беру мекемелері бар. Күрделі жөндеу жұмыстары қаладағы № 42 балабақша жүргізілуде. Ол тамыз айында аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ,  № 38 орта мектептің құрылыс жұмыстары қазан айында аяқталып қолданысқа беріледі. Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 212,3 млн теңге бөлініп, 32 білім беру мекемелері жөндеуден өткен. Жиында қала мектептерінің оқулықтармен қамтамасыз етілу мәселесі де сөз болды.

Мүбарак Жинақбаева, Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы

Оқушыларды оқулықтармен толық қамтамасыз ету және оқулықтарды жеткізу үшін  619 мың тг бөлініп, 12 баспамен келісім-шарт жасалды.

Дегенмен де партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қаладағы № 30 орта мектептің құрылыс жұмыстарына көңілдері толмайтындықтарын жеткізді. Атап айтсақ, шатыры дұрыс жабылмай, нәтижесінде қабырғалары ылғал тартып, сарғайып кеткен. Осы нысанның құрылысымен айналысқан «Арай құрылыс маркеті»компаниясының атқарушы директоры құрылыс жұмыстарының әлі аяқталмағанын жеткізіп, кемшіліктерді жоюға уәде берді.

Ауылшаруашылық саласындағы оң өзгерістер

Одан соң Тараз қалалық ауылшаруашылығы бөлімі басшысының есебі тыңдалды.

Абзал Тілеубаев, Тараз қаласы әкімдігі ауылшаруашылық бөлімінің басшысы

Ауылшараушылығы өнімдеріне алдыңғы жылы 39 млн, 575 мың тг бөлінсе, биылғы жылы 82 млн, 134 мың теңге бөлінді.

Жиын соңында жоғарыда айтылған мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар  қабылданып, тиісті тапсырмалар берілді. 

Шырайлым Болатбекқызы, Нұрлыбек Құдияров, «Жаңалықтар қызметі» 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕРІНДЕ ЖАҢА МАУСЫМДЫ БАСТАМАҚ
21:01, 23 тамыз 2017
«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕ...
Толығырақ...
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
20:22, 23 тамыз 2017
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
Толығырақ...
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде
20:17, 23 тамыз 2017
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмы...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
17:13, 17 тамыз 2017
«Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
Толығырақ...