Тазалық сақтау – ортақ міндет

22:30, 17 сәуір 2017

«ЭКСПО 2017»  халықаралық көрмесі кезінде Жамбыл облысына көптеген туристер тартылады деп күтілуде. Қонақтарға жайлы жағдай туғызумен қатар қоршаған ортаның тазалығы да маңызды. Бүгін облыс әкімдігінің аппарат кеңесінде дәл осы ЭКСПО-ға дайындық және  санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары сараланды.

Көктем басталғалы көпшілік сенбілікке тартылуда. Санитарлық тазалық қолға алынып, абаттандыру –көгалдандыру жұмыстары жүруде. Бұл бағытқа бюджеттен 1 млрд 265 млн теңге де бөлінген.

Дегенмен, орынсыз шашылған қалдық та жоқ емес. Барлық дерлік аудандардан табылады. Тексеріліп, 2 млн 459 мың теңгеге айыппұл да салынған. Ал, республикалық тас жолдардың тазалығы да,  сапасы да сын көтермей тұр. 

Сонымен қатар, темір жолдың бойына да тәртіп керек. Бұл жауаптыларға қатаң ескертілді. 

Аппарат кеңесінде «ЭКСПО-ға» дайындық ұзақ сараланды. Шетелдік және отандық қонақтардың келуі, кетуі. Жол және әуе қатынасы.  Жамбыл облысында көрсетілетін нысандар. Ақпараттық қолдау. Бәрі –бәріне қыруар  жұмыс, үлкен дайындық жүруде. Жауаптыларға шаруаны ширату үшін нақты тапсырмалар жүктелді.

 

Жалғас Қошқарбай, Өміртай Ыбырай «Жаңалықтар қызметі» 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕРІНДЕ ЖАҢА МАУСЫМДЫ БАСТАМАҚ
21:01, 23 тамыз 2017
«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕ...
Толығырақ...
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
20:22, 23 тамыз 2017
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
Толығырақ...
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде
20:17, 23 тамыз 2017
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмы...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
17:13, 17 тамыз 2017
«Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
Толығырақ...