Тұрғындар шағымы назарға алынды

20:42, 11 тамыз 2017

Тараз қаласындағы «Қаратау» мөлтек  ауданының бір топ тұрғындары телеарнамызға шағым айтып келген болатын. Біздің тілшілер мәселенің  анық-қанығын біліп, осыған байланысты бейнематериал ұсынған еді. Осыған орай,  Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандары тексеріс жүргізіп, мәселені жауапсыз қалдырмады.

Иә, 1968 жылы салынған  тұрғын – үй әбден ескірген. Тозығы жеткен үйге күрделі жөндеу жұмыстары керек. Сондай-ақ жылу құбырларын тез арада ауыстыру керектігін айтып өткен едік.Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімініңмамандары  бейнематериалдан соң аталған үйге тексеріс жүргізіп шатырына және инженерлік жүйелеріне зерделеу жұмыстарын өткізіп, тозығы жеткен жылу құбырлары мен шатырының жұмсақ жабындыларын ауыстыру қажет екендігін анықтаған. Осыдан кейін жауапты «Даму» пәтер иелер кооперативі қызметкерлерімен сөйлесіп, мәселені тез арада шешуді тапсырған. Аталған мекеме тұрғын-үйді жылу беру маусымына дайындау мақсатында жалпы сомасы 80 мың теңгеге жылу құбырларын және 18 дана су ағарларын ауыстырамыз деп отыр. Алдағы уақытта тиісті құжаттарды рәсімделіп, күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінген жағдайда шатырына, кіреберісіне және инжинерлік жүйелеріне толықтай жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деп уәде етіп отыр.

Есенгелді Бейсенбеков, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы

Қазақстан Тараз телеарнасынан көрсетілген бейнематериалдан кейін, біз ол үйге зерделеу жұмыстарын жүргіздік. Тозығы жеткені рас. Алдағы уақытта Республикалық бюджеттен қаржы бөлінсе, жобалық-сметалық құжаттарды дайындап, шатырына, кіреберісіне, жер төлесіне жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕРІНДЕ ЖАҢА МАУСЫМДЫ БАСТАМАҚ
21:01, 23 тамыз 2017
«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕ...
Толығырақ...
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
20:22, 23 тамыз 2017
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
Толығырақ...
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде
20:17, 23 тамыз 2017
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмы...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
17:13, 17 тамыз 2017
«Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
Толығырақ...