Үшем дүниеге келді

20:11, 9 тамыз 2017

Шу ауданда үшем дүниеге келді. Бақытты  еселей түскен Нұрахановтар отбасында бұл нәрестелерден  бөлек екі қыз, бір ұлдары бар.

Шынар өзінің тағы да үш  балалы болатынын ультрадыбыстық зерттеу арқылы біліп жүрген. Міне, көпбалалы ана бірден «Күміс алқа» иегері атанып,  бүгінде өзі бақытқа бөленіп, жолдасы мен туыстарына үлкен сый жасап отыр. Үшемдерге ата-анасы Әмина, Айсұлтан және Әлия деген есімдерді берді. Жеті айлық болып туылған нәрестелердің әрқайсының салмағы  1 келі  700 грамнан асады. Шақалақтар кішкентай болғандықтан қазір дәрігерлердің қатаң бақылауында. Мамандардың айтуынша, бүгінде үшемдердің ғана емес ананың да денсаулығы жақсы. Жағымды  жаңалықты естіп, бұл үйге жақсылықты көруге келушілер көбейген. Олардың қатарында аудан басшылары бар.

Қайрат Досаев - Шу ауданының әкімі

Балалар аман болсын. Осы үшемдер өсіп, еліміздің жарқын болашағын қалаушы жақсы азаматтар мен азаматшалар атансын.

Мархаббат Көпбосынова, Жұмахан Төлеуұлы «Жаңалықтар қызметі», Шу ауданынан

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕРІНДЕ ЖАҢА МАУСЫМДЫ БАСТАМАҚ
21:01, 23 тамыз 2017
«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕ...
Толығырақ...
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
20:22, 23 тамыз 2017
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
Толығырақ...
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде
20:17, 23 тамыз 2017
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмы...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
17:13, 17 тамыз 2017
«Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
Толығырақ...