Жалған ақпараттарға байланысты түсініктеме берілді

20:00, 16 мамыр 2017

Бірнеше апта бұрын әлеуметтік желіде қаладағы «Маликахон» қоғамдық тамақтану орнында санитарлық-гигиеналық талаптардың  сақталмағаны туралы ақпарат тараған болатын. Мәліметтерге сәйкес, шайханада тағамды арам малдың етінен дайындайтын  көрінеді. Салдарынан  бірнеше бала жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Ғаламтор желісінде тараған ақпарат шындыққа жанаса ма? Мәселенің анық-қанығын тілшіміз біліп қайтты.

«Маликахон» шайханасы Тараз қаласында 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында облыс орталығының ең табысты және қарқынды дамып келе жатқан қоғамдық тамақтану орнына айналып үлгерді. Қала тұрғындары мен қонақтары жиі баратын дәмханаға қатысты ақпарат қоғам арасында үлкен дау тудырды. Мәселенің мән-жайын анықтап, санитарлық-эпидемиологиялық тексеріс жүргізу мақсатында біз Тараз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандарына жүгіндік.

Назира Тұрсыналиева, Тараз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

/Жыл басынан бері «Маликахон» шайханасында сапасыз азық-түліктен тамақ дайындау туралы ешқандай шағым келіп түскен жоқ. Біз барлық тамақтану орындарын міндетті түрде тексеріп, бақылауда ұстаймыз./

Бұдан бөлек, әлеуметтік желідегі мәліметтерде «Маликахон» шайханасында дайындалған тағамнан балалардың уланып, жұқпалы аурулар ауруханасына түскені туралы айтылған. Осы жағдайға байланысты облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасынының дәрігерлері түсініктеме берді.

Елена Пак, Жамбыл облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері орынбасарының міндетін атқарушы

/Мен сіздерге осы жылдың ішінде «Маликахон» дәмханасындағы тағамнан улануға байланысты ауруханаға ешқандай балалар түскен жоқ,-деп сеніммен айта аламын. Біз мұндай жағдайды міндетті түрде бақылауда ұстаймыз./

Сондай-ақ, тұрғындардың құқық қорғау органдарына шағымданып, ендігі  бұл шайхананың жабылатыны туралы ақпарат тараған еді. Алайда, бұл мәліметтер жалған болып шықты.

Ермек Төкеев, учаскелік полиция инспекторы

/Тұрғындар, азаматтар тарапынан ешқандай шағым, арыз келіп түскен жоқ. Сонымен бірге, бұл жағдай туралы жалған ақпарат таратқан адамдар ҚР заңына сәйкес, жауапкершілікке тартылады./

Бұл жағдайдың ет сатып, оны дәмханаға тасымалдаушы азаматтарға да кері әсерін тигізгені белгілі.

Бақытжан Жоракұлов, қасапшы

/20 жылдан асты ет сатумен айналысып келемін. Бұл дәмханамен ашылған уақыттар бері жұмыс істкеп келеміз. Біз тек таза ет сатумен айналысамыз. Оның барлығы арнайы лабораторияларда тексерістен өтеді. Айтылған ақпараттардың жалған екені сөзсіз./

Қазір «Маликахон» шайханасының әкімшілігі мекеменің атына кір келтіріп, әлеуметтік желіде жалған мәлімет таратқан адамдарға жаза қолдануды сұрап, құқық қорғау органдарынан арыз жазып, әділдікті талап етуде.

 

Ақерке Бектас, Тоқтар Терлікбаев «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕРІНДЕ ЖАҢА МАУСЫМДЫ БАСТАМАҚ
21:01, 23 тамыз 2017
«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕ...
Толығырақ...
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
20:22, 23 тамыз 2017
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
Толығырақ...
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде
20:17, 23 тамыз 2017
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмы...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
17:13, 17 тамыз 2017
«Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
Толығырақ...