Жаңартылған білім беруге көшу–заман талабы

20:47, 11 тамыз 2017

Жаңа оқу жылынан бастап еліміз жаңартылған білім беру бағдарламасына көшеді. Жалпы, бұл  жүйе бойынша жұмыс істеуге жамбылдық педагогтар дайын ба? Білім саласына енгізілген жаңашылдықтарды түсіндіріп, оған даярлықты пысықтау мақсатында Тараз қаласында «Ашық білім басқармасы» акциясы өтті. Айта кетейік, мұндай іс-шара облыстың барлық аудандарында ұйымдастырылып, облыстық және қалалық білім басқармасы мен бөлімдерінің мамандары түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатын.

Жаңартылған білім мазмұнын тереңінен түсініп, толғандырған түрлі сауалдарына жауап алу  үшін бүгінгі акцияға келушілердің қарасы қалың. Ашық есік күнінде  мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру, мектептегі тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті біліммен қамту, сондай-ақ қорғаншылық, қамқоршылық, патронаттық тәрбие жайы бойынша  сала мамандары азаматтарды қабылдады.

Майкен Байкеева, даярлық сыныбының мұғалімі

Біраз мәлімет алдым. Биылғы оқу жылында технологиялық карта алынып тасталыпты. 5 саламен жұмыс жасайды екенбіз. Бір 30 минуттың ішінде сол 5 саланы енгізуіміз керек. Яғни, балалар сурет те салуы керек, тақпағын да айту керек, жан-жақты табиғатпен таныса да білуі керек, соны білдік.

Тараз қаласы бойынша 2073 мұғалімнің 1279-ы, яғни 60 пайызға жуығы «Назарбаев зияткерлік мектебі», «Өрлеу» ұлттық орталығында жаңартылған білім беру мазмұны аясында біліктілік арттыру курстарынан өткен.  Оқыту барысында  бастауыш сынып, қазақ, орыс, ағылшын  тілі және өзге де  пән мұғалімдері қамтылды.

Мүбәрак Жинақбаева, Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы

Сонымен қатар, 3 тілде беруге 90 мұғалім курстардан өтіп, тағы 138-і желтоқсан айына дейін ұзақ мерзімді курстардан өтіп жатыр. Мектеп директорлары да барлығы дерлік жаңартлған білім мазмұнының курстарынан өтті.

Пленарлық жиында жаңартылған білім мазмұнының тиімді тұстары айтылды. Жаңа әдіс бойынша тәрбиеші мен педагогқа қойылатын басты талап – методикалық шеберлігін шыңдай түсуі керек. Интернетпен жұмыс істеуден гөрі, оқушыларды кітапқа көбірек назар аударту мәселесі көтерілді. Биылғы жылдың басты жаңалығы – жаңа оқу жылынан бастап облыстағы барлық мектептердің 1,2,5 және 7-ші сыныптары бес күндік оқу аптасына көшеді.

Гүлнара Жүнісова, «Наурыз» балабақшасының тәрбиешісі

Біздің ұжым осы 2017-2018 жылдардағы жаңа оқу бағдарламасына толық дайын. Жаңа бағдарлама балаларға өте тиімді, олардың қабылдау қабылеттеріне өте жеңіл. Біз бұл бағдарламаны жаз бойы енгізіп, меңгерушімен, әдіскермен толық дайындықтан өттік.

Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет -  ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет ету үшін ұстаз үздіксіз ізденісте, кәсіби білікті болуы тиіс. Бұл – бүгінгі жиыннан түйілген оймақтай ой.

Аягөз Тілеуханқызы, Ермек Асаубаев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕРІНДЕ ЖАҢА МАУСЫМДЫ БАСТАМАҚ
21:01, 23 тамыз 2017
«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕ...
Толығырақ...
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
20:22, 23 тамыз 2017
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
Толығырақ...
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде
20:17, 23 тамыз 2017
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмы...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
17:13, 17 тамыз 2017
«Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
Толығырақ...