Жолдау – болашақтың бағдары

19:30, 18 сәуір 2017

Ел Президентінің кезекті Жолдауында Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, инновацияларды дамыту және іске қосу жобаларына ерекше мән берілген. Маңызды құжаттың негізгі міндеттерін түсіндіру мақсатында ақпараттық топ мүшелері  Тараз қалалық ішкі істер басқармасының  полиция қызметкерлерімен кездесті.

Бүгінде қазақ елінің мақсаты айқын, бағыты белгілі. Ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Оның орындалуы үшін Президент нақтылап берген жоспарды бірлік пен берекеміз жарасып, жүзеге асыруымыз шарт. Қатаң тәртіп, сапалы білім, тынымсыз еңбек –бұл бүгінгі күнгі басты талап.  Ақпараттық топ мүшелері кездесуде  жиналғандарды еліміздің дамуына өзіндік үлес қосуға үндеді. Түрлі  саладағы реформалар  жайында кеңінен түсінік берді. Әсіресе, қоғамда қарапайым халық арасында көптеп кездесетін сауалдар, нақтырақ айтқанда қаржы сауаттылығы, білім, үштұғырлы тіл саясаты, қауіпсіздік  жайы сөз болды.

Лариса Калькова, ақпараттық-насихат тобының мүшесі

Біздің міндетіміз қалың көпшілікке маңызды құжатта айқындалған міндеттер мен алдағы жоспарларды қарапайым тілмен, күнделікті мысалдармен жеткізу. Осылайша жолдауды әрбір азамат жіті түсініп, жеке өзі үшін де өмірінің жаңа қадамдарын айқындауына  сеп болады деген ойдамын

 

Шерхан Абделиев «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕРІНДЕ ЖАҢА МАУСЫМДЫ БАСТАМАҚ
21:01, 23 тамыз 2017
«ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ ӨЗІНІҢ БАРЛЫҚ МЕДИААКТИВТЕ...
Толығырақ...
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
20:22, 23 тамыз 2017
Кәсіпорындарға сапа менеджментін енгізу
Толығырақ...
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде
20:17, 23 тамыз 2017
Медициналық сақтандыру жүйесінің бірінші кезеңі бойынша жұмы...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
17:13, 17 тамыз 2017
«Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
Толығырақ...