Азия чемпионы туған жеріне келді

16:00, 18 мамыр 2017

Байрақты бәсекеде бағымыз жанды. Үндістан астанасы Делиде өткен Азия чемпионатында жерлесіміз Ақжүрек Таңатаров жеңімпаз атанған болатын. Бұл жарыста өзінің барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген палуынды күні кеше Әулиеаталық жанкүйерлері мен қатар басқарма басшылары қарсы алды.

Еркін күрес шеберлерінің белдесуі 14 мамырда өткен болатын. 70 келіге дейінгі салмақта Ақжүрек Таңатаров ширек финалда моңғолиялық Хатаанбатаар Даваатсеренді, жартылай финалда жапониялық Моможиро Накамураны айқын басымдықпен жеңді. Ал финалда өзбек балуаны Ихтиор Наврузовтан 11:7 есебімен айласын асырды. Әр елдің сен тұр мен атайын деген спортшылары қатысқан чемпионата Ақжүрек Таңатаровтан біз үлкен үміт күттік. Өзінің барлық қарсыластарын қиналмай жеңген тәжірбиелі палуан да ел үмітін ақтады. Халқына жеңіс сыйлады, еркін күрестің Облыста даму деңгейі жоғары  екенін дәлелдеді. Кездесуде палуанға қазақстан күрес федерациясы атынан 500 мың теңгенің сертификаты және басқада сыйлықтар  табыс етілді.

Ақжүрек Таңатаров, еркін күрестен Азия чемпионы 

Осы жерге шақырып сый – сыйапат көрсетіп жатқандарыңызға рахмет. Мен алдағы уақытта да ел үмітін ақтаймын. Барлық жанкүйерлеріме алғыс білдіремін.

Айта кетейік, грек-рим күресінен де қазақ балуандары 4 медаль жеңіп алған болатын. Мақсат Ережепов 75 келіде Азия чемпионы атанса, Алмат Кебіспаев пен Дамир Күзембаев күміс жүлдеге ие болған еді. Ал 90 келіде Ерұлан Ысқақов қола жүлдегер атанған-ды.

 

Шерхан Мұратбекұлы, Ерболат Дәулетәлі «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

 «Астана» командасы «Селтикті» 4:3 есебімен жеңді
20:24, 23 тамыз 2017
«Астана» командасы «Селтикті» 4:3 есебімен жеңді
Толығырақ...
Кәсіби «спорт күні» мерекесіне орай спартакиада өтті
16:39, 18 тамыз 2017
Кәсіби «спорт күні» мерекесіне орай спартакиада өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
17:13, 17 тамыз 2017
«Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
Толығырақ...