Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасының құрамы бекітілді

20:51, 11 тамыз 2017

Тамыз айының 28- нен 3- қыркүйекке дейін Венгрия астанасы Будапешт қаласында дзюдо спортынан әлем чемпионаты өтеді. Осы байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын спортшылар құрамы белгілі болды.

Дзюдодан кәрі құрлық төрінде өтетін жарысқа 131 мемлекеттен 782 спортшы қатысады деп күтілуде. Ал, Қазақстан атынан бұл жарысқа 18 спортшы қатыспақшы. Оның 9 ер қалғаны әйел азаматтары. Олардың қатарында олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, дзюдодан әлем чемпионы, 60 келі салмақта өнер көрсететін жерлесіміз Елдос Сметов те бар. Ал, әйелдер арасындағы бәсекеге олимпиада ойындарының қола жүлдегері Отгенцецег Гальбадрах та қатысады. Айта кету керек, дзюдодан әлем чемпионаты 1994 жылдан бастап өткізіледі. 2006 жылдар бері ол жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасып келеді.

Айбол Қарашев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

 «Астана» командасы «Селтикті» 4:3 есебімен жеңді
20:24, 23 тамыз 2017
«Астана» командасы «Селтикті» 4:3 есебімен жеңді
Толығырақ...
Кәсіби «спорт күні» мерекесіне орай спартакиада өтті
16:39, 18 тамыз 2017
Кәсіби «спорт күні» мерекесіне орай спартакиада өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
17:13, 17 тамыз 2017
«Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
Толығырақ...