«Тараз» — «Ақжайық» 0:0

22:30, 17 сәуір 2017

Осы демалыста футболдан ел біріншілігінің 7-ші тур ойындары өтті.  Жамбылдық «Тараз» футбол клубы өз алаңында Оралдық «Ақжайық» командасын қабылдап, 0-0 есебімен тең түсті.
Биылғы чемпионатта әулиеаталық клуб алғаш рет «Орталық стадионда» қарсылас команданы қабылдады.  Қазіргі таңда «Ақжайық» пен «Тараз» турнир кестесінде қатар келе жатыр. Сол себепті де қос ұжым ойынды белсенді қимылдармен  бастады.  Ойын басында батыстық команданың шабуылшысы Дельгадо қауіпті соққылар жасаған. Алайда  еш нәтижесіз. Бірнеше мәрте алаң иелері де қарсыластар қақпашысының мазасын алды. 18-ші минутта Мұхаметшиннің баспен ұрған соққысы қақпа қапталынан серпілді. Екінші тайм басы сылбыр ойынмен басталды. Қос ұжым да гол соғуға асыға қойған жоқ. 64-ші және 70-ші минутта «Тараз»  ойыншыларын алмастырған болатын.  Алаңға жаңа ойыншы шыққан сайын бірінші «Ақжайық» командасы, екінші алаң иелері қауіпті соққылар жасап, гол соғуға сәл ғана қалды. Бірақ та бұл күні қақпашылар өз иеліктерін аман сақтап қалды.Төрешінің қосқан 4 минутында да ештеңе өзгере қойған жоқ. 0-0. Екі командаға да бір ұпай.
 

Андрей Горбанец, «Тараз» футбол клубының жартылай қорғаушысы

Ойын қиын болды. Орталық стадиондағы алғашқы матчта жеңіске жетіп, жанкүйерлерді қуантсақ деп едік.  Алайда бүгін есеп ашылмады. Менің ойымша шабуылда жылдамдық пен  креативті қимыл жетіспеді.

7-ші турдағы өзге де ойындардың нәтижесіне келсек. Қарағандылық «Шахтер» мен қостанайлық «Тобыл» 1-1 есебімен тең тарқасты. Дәл осындай нәтиже «Қайсар»мен «Ертістің» кездесуінде де тіркелді. Ал алматылық «Қайрат»  пен елордалық «Астана» , «Ордабасы» мен «Оқжетпестен» 3-0 есебімен басым түсті.

 

Шерхан Абделиев, Руслан Сандыбаев «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

 «Астана» командасы «Селтикті» 4:3 есебімен жеңді
20:24, 23 тамыз 2017
«Астана» командасы «Селтикті» 4:3 есебімен жеңді
Толығырақ...
Кәсіби «спорт күні» мерекесіне орай спартакиада өтті
16:39, 18 тамыз 2017
Кәсіби «спорт күні» мерекесіне орай спартакиада өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
17:13, 17 тамыз 2017
«Қайырымдылық керуені» - акциясы жалғасуда
Толығырақ...